Орны толмас қайғыға тап болдық –біртуар адам, жас дарынды спортшы, еліміздің мақтанышы, Сіздердің ұлыңыз – Денисжан түршігерлік оқиғаның салдарынан өмірден озды.
Орны толмайтын қазаға орай, Сіздерге және Сіздердің туған-туысқандарыңызға қайғы-қасіретке ортастығымды білдіріп, көңіл айтамын.Жақынымыздан айырылу барлығымызға да ауыр тиеді, әйтсе де ұлдың қазасы – ата-анасы үшін ештеңемен салыстыруға келмес қасірет. Ол Сіздер үшін өмірдің басты мәні, үміт, сүйеніштеріңіз болды. Сіздер оған бар сүйіспеншілік, жігерлеріңіз бен армандарыңызды арнадыңыздар.
Денис әрдайым жастық, мақсаткерлік, жеңіске жігерленген ерік, Отанға шын берілгендік пен отансүйгіштік бейнесі болып қалады.
Оның халықаралық спорт аренасындағы жетістіктері Қазақстанның даңқын биіктетіп, жүздеген балалар мен қыздар үшін үлгіге айналды.
Денистің аты жүрегімізде мәңгіге сақталып, өз нұрымен жылытып, қайғы-қасіреттің қиын сәттерінде бізге жұбаныш болады.
Қостанай облысының әкімі
А. Мұхамбетов