2020 жылғы 15 қарашада Қостанай облысында COVID-19-дың 51 жағдайы тіркелді.
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 32 адам, Әулиекөл ауданында -8, Қарабалық ауданында – 6, Жітіқара ауданында – 3, Алтынсарин ауданында – 2.
36 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 7 адам профилактикалық мақсатта (әкелінген жағдайлар), 6 адам аурухана жоспарлы түрде жатқызудың алдында тексеру кезінде анықталды, 2 адам коронавирустық инфекция расталған жағдаймен байланыста болғасын тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 24 адамда ауру белгілері болды, 27 адамда – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуір мен 15 қараша аралығында COVID-19-дың 4315 жағдайы тіркелді, 3371 адам емделіп шықты.