Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2020 жылғы 14 қарашада Қостанай облысында COVID-19-дың 52 жағдайы тіркелді.
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 24 адам, Рудный қ. - 9, Лисаковск қ. – 5, Әулиекөл ауданында - 4, Федоров ауданында – 3, Мендiқара ауданында – 3, Қарабалық ауданында – 2, Б. Майлин атындағы ауданда – 1, Қамысты ауданында – 1.
36 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 4 адам профилактикалық мақсатта (әкелінген жағдайлар), 3 адам аурухана жоспарлы түрде жатқызудың алдында тексеру кезінде анықталды, 9 адам коронавирустық инфекция расталған жағдаймен байланыста болғасын тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 30 адамда ауру белгілері болды, 22 адамда – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуір мен 14 қараша аралығында COVID-19-дың 4264 жағдайы тіркелді, 3358 адам емделіп шықты.