Облыс әкімінің өкімімен Ербол Қуанышұлы Тасжүреков Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен Ербол Қуанышұлы Тасжүреков Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен Ербол Қуанышұлы Тасжүреков Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы  вице-министрі қызметін атқарған.

1979 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.

Мынадай мамандықтар бойынша білімі бар:

  • экономист;
  • заңгер;
  • мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі;
  • мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар магистрі.

Мыналарды:

  • М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін;
  • Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын;
  • Францияның Ұлттық әкімшілік мектебін тәмәмдады.

Еңбек қызметі:

  • 1998-2001 жылдары - «Қазнұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің валюта айырбастау пунктінің менеджері;
  • 2003-2007 жылдары - «Профиль-Lux» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;
  • 2007-2013 жылдары - Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген;
  • 2013-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінде басшылық лауазымдарды атқарды;
  • 2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі департаменті директорының орынбасары;
  • 2016-2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары;
  • 2018-2019 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
  • 2019-2021 жылдары – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры - Басқарма мүшесі;
  • 2023-2026 жылдары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі.