Темекі шегудің алдын алу және саламатты өмір салтын насихаттау

Темекі шегудің алдын алу және саламатты өмір салтын насихаттау

Ағымдағы жылдың 12 мамырында Қостанай облысының әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Сюндиков «Jastar MED» Жастар денсалығы орталығының басшысы А.Садвокасовамен бірлесіп, темекі шегудің алдын алу және саламатты өмір салтын насихаттау тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға облыс әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың қызметшілері қатысты. Қатысушылар кеңес алды, презентациямен таныстырылды және оларға ақпараттық буклеттер таратылды.

Спикер темекі шегудің, электрондық сигареттер (вейптер) олардың компоненттерінің  – никотин, шайыр және көміртегі тотығының  адам организіміне, айналадағы ортаға, соның ішінде жүкті әйелдер мен кәмелетке толмаған балаларға әсері туралы пікірімен бөлісті. Астма және хроникалық бронхитпен ауру  мүмкіндігі күшейеді. Адамның асқазан-ішек органдары, жүрек-қан тамырлары және жүйке жүйелеріне зиян тиеді. Ерлердің жыныстық функциясы мен әйелдердің репродуктивті функциясы әлсірейді. Сонымен қатар спикер «жеңіл» сигареттер туралы мифтерді жоққа шығарды .

Кездесу барысында қызметшілер холестерин, қант денгейін, артериалдық қысымды өлшеу мақсатында экспресс-тесттерді тапсырды.