Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов «ЭПК Forfait» ЖШС жқмысымен танысты.
Ел Президенті электр қуаты тұрақты әрі жеткілікті көлемде өндірілмесе, жасанды интеллектіні енгізу және жаппай цифрландыруды жүзеге асыру мүмкін болмайтынын атап өтті.
«Өткен жылмен салыстырғанда желілердегі апат деңгейі 10%-ке төмендеді. «ЭПК-forfait» ЖШС жаңа цифрлық диспетчерлік орталығының арқасында апаттық ажыратуларға әрекет ету уақыты 2 сағаттан 5 минутқа дейін қысқарды. Инфрақұрылымдық көрсеткіштер бойынша да оң динамика бар – электр желілерінің тозу деңгейін 2021 жылғы 83%-тен биыл 73%-ке дейін төмендету, жабдықтарды жаңарту, желілер мен қосалқы станцияларды қайта жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде», – деді аймақ басшысы.
Желілердегі техникалық шығындарды 6,4%-ға дейін қысқарту маңызды жетістік, республика бойынша бұл көрсеткіш 10–11%.
Цифрлық есептеу құралдарын, автоматтандырылған мониторинг жүйелерін және жасанды интеллект негізіндегі алғашқы шешімдерді енгізуді ерекше атап өткім келеді.
«Біздің міндетіміз – апат салдарын жоюдан оларды болжау мен алдын алуға көшу. Қолмен басқарудан – интеллектуалды энергия жүйесі моделіне өту», – деді Құмар Ақсақалов.