Аймақ тұрғындары 12 мың көшет отырғызды

Аймақ тұрғындары 12 мың көшет отырғызды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті. Ауқымды шараға Қостанай облысының тұрғындары да атсалысып, 12 мың көшет отырғызды.

Экологиялық бағдарлама жүзеге асырылған 2024 жылдан бері аймағымызда 400-ден астам қоғамдық кеңістік абаттандырылды, 250-ден астам балалар және спорт алаңы орнатылды, 600-ге жуық рұқсатсыз қоқыс үйіндісі жойылды, 1 250-ден астам апатты және қараусыз нысан сүрілді, 277 мыңнан астам ағаш пен көшет отырғызылды.

Бүгінгі күнге дейін санитарлық тазалық және абаттандыру шараларына 105 мың тұрғын, 1,9 мың кәсіпорын қатысып, 3,5 мың техника жұмылдырылды. 1,3 мың гектар аумақ, оның ішінде 19 мың аула тазартылып, 50 мың тонна қоқыс шығарылды.

Соңғы үш жылда облыс бойынша 94 парк пен сквер салынып, абаттандырылды, 420 балалар мен спорт алаңы орнатылды. Сондай-ақ 200-ден астам көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жөнделді.

«2026 жылы облысты абаттандыруға 77,3 мың көшет отырғызу, 63 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетін жаңарту, 31 жаңа балалар ойын алаңын орнату, апатты тұрғын үйлерді бұзу, 80 саябақ пен қоғамдық демалыс аймағын жақсарту жұмыстары жоспарланған. Қостанай ауданында 43,8 га аумақта велосаябақ және Қостанай қаласында 40 га аумақта экосаябақ салынады», – деді Қостанай обдлысының әкімі Құмар Ақсақалов.