Лисаков қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын қолдады

Лисаков қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын қолдады

Қостанай облысының Лисаков қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды абаттандыру және көгалдандыру іс-шаралары өтті. Қала тұрғындары игі бастаманы белсенді қолдап, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.

Қалалық саябақ аумағында ұйымдастырылған көгалдандыру акциясына 123 белсенді тұрғын қатысты. Бірлескен әрі үйлесімді еңбектің нәтижесінде 1150 көшет отырғызылып, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға және жасыл желекті көбейтуге нақты қадам жасалды. Мұндай шаралар қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға және тұрғындардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясы аясында бұқаралық велошеру ұйымдастырылып, оған 50 адам қатысты. Аталған іс-шараға жастардың белсенді қатысуы ерекше атап өтерлік жайт. Жас буынның табиғатты аялауға бағытталған бастамаларға қызығушылық танытуы – экологиялық сананың қалыптасуының айқын көрінісі.

Жалпы, өткізілген іс-шаралар «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаттарын іске асыруға, атап айтқанда, елді мекендерді абаттандыру, қоршаған ортаны қорғау және халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.

Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, өңірдің тұрақты дамуына өз үлесін қоса бермек.