Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ел өміріндегі қоғамдық жұмыстарға елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградаларды тапсырды. Бұл – жерлестеріміздің еңбегіне берілген жоғары баға әрі қоғам алдындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі №1221 Жарлығына сәйкес мемлекеттік наградалармен марапатталғандар:
«Парасат» орденімен:
Махаббат Сағынбайұлы Жутаев
Қостанай облыстық мәслихатының әлеуметтік сала және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен:
Рафаил Сададдин оглы Гаджибалаев
Қостанай облыстық «Бірлік» «Әзірбайжан қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
Дәмер Елтайұлы Қалқаев
«Облыстық халық шығармашылығы және кино-бейнеқор орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;
Сәкен Балғабайұлы Қоқышев
Қостанай облысы әкімдігі «Қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;
Диана Болатқызы Рақпанова
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы;
Наталья Сергеевна Рамазанова
«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;
Александра Кабдуллақызы Сергазинова
«ТоболИнфо» ақпараттық агенттігі жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас редакторы;
Мәжит Мақсұтұлы Шүленов
Қостанай қаласы әкімінің орынбасары.