Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың су тасқыны кезеңінің аяқталуына орай аймақ тұрғындарына жасаған үндеуі

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың су тасқыны кезеңінің аяқталуына орай  аймақ тұрғындарына жасаған үндеуі

Құрметті аймақ тұрғындары!

         Облысымызда су тасқыны кезеңі аяқталды.

Осы ретте барлық уәкілетті органдардың үйлесімді жұмысын ерекше атап өткім келеді. Қабылданған шаралардың арқасында елді мекендер көктемгі су тасқынынан қорғалды. Бірде-бір тұрғын үйді су баспады. Төтенше жағдайлар тіркелмеді.

Алдын ала қорғаныс инженерлік құрылыстары жүргізілді:

- 92 елді мекенде ұзындығы 54 км болатын 32 қорғаныс бөгеті тұрғызылды және нығайтылды;

          - 38 су өткізу құбыры орнатылды;

          - 78 км кәріз жүйесі тазартылды;

          - облыс бойынша 1600-ден астам жеке тұрғын үй қардан тазартылды.

          Аталған жұмыстарға 3600 адам және 500-ден астам техника күш салды. Өзендерде тәулік бойы гидробекеттер жұмыс істеп, су деңгейін тұрақты бақылауда ұстады.

Осылайша, Қостанай облысында су тасқыны қаупі бар кезең қалыпты режимде өтті.

Мұның барлығы біздің бірлесе атқарған жұмысымыздың нәтижесі.

Осы орайда барша атсалысқан азаматтарға, төтенше жағдайлар қызметіне, әскерилерге, волонтерлерге және жастарға ерекше алғыс білдіремін.