
Қостанай облысында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Соның жарқын мысалдарының бірі – Қостанай ауданының Заречный ауылында салынып жатқан 250 орынға арналған жаңа емхана.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталған. Ғимараттың сыртқы әрлеу жұмыстары, жертөле және кәріз жүйесін ретке келтіру жұмыстары ғана қалды. Мамандардың айтуынша, барлық жұмыстар жақын бір жарым ай ішінде толық аяқталып, нысан пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Жаңа емхана пайдалануға берілгеннен кейін Қостанай ауданында медициналық қызмет көрсету сапасы айтарлықтай жақсарады. Бүгінде Қостанай аудандық ауруханасы 51 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді.
Жаңа заманауи емхананың іске қосылуы бұл мәселелерді толық шешуге мүмкіндік береді. Дәрігерлер үшін қолайлы еңбек жағдайы жасалып, тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасы арта түседі.
Осылайша, Заречный ауылындағы жаңа емхана – өңірдегі денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі болып табылады.