Құрметті азаматтар!

Құрметті азаматтар!

Құрметті азаматтар!

Қоршаған ортаның тазалығы – әрқайсымызға байланысты. Табиғатқа және қоғамдық кеңістіктерге ұқыпты қарау – бұл қаладағы өмір сапасы мен жайлылықтың негізі. Абаттандыру қағидаларын сақтау – әрбір тұрғынның міндеті.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабы талаптарын сақтау қажеттігін еске саламыз.

Құқық бұзушылықтарға жатады:

— қоқысты белгіленбеген орындарға тастау

— қалдықтарды контейнерлерден тыс жерлерге жинау

— ортақ пайдаланылатын аумақтарды ластау

— жасыл желектерді бүлдіру

— іргелес аумақтарды уақтылы тазаламау

Жауапкершілік шаралары:

  •  жеке тұлғалар — 20 АЕК (86 500 теңге)
  •  шағын кәсіпкерлік субъектілері — 30 АЕК (129 750 теңге)
  •  орта кәсіпкерлік субъектілері — 40 АЕК (173 000 теңге)
  •  ірі кәсіпкерлік субъектілері — 100 АЕК (432 500 теңге)

Қайта құқық бұзушылық жасаған жағдайда айыппұл мөлшері ұлғаяды.

Қаламыздың тазалығы мен тәртібін бірге сақтайық! Әрбіріміздің жауапкершілігіміз – таза әрі жайлы орта қалыптастыру.