Құрметті азаматтар!

Құрметті азаматтар!

Қоршаған ортаның тазалығы – әрқайсымызға байланысты. Табиғатқа және қоғамдық кеңістіктерге ұқыпты қарау – бұл қаладағы өмір сапасы мен жайлылықтың негізі. Абаттандыру қағидаларын сақтау – әрбір тұрғынның міндеті.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы талаптарын сақтау қажеттігін еске саламыз.

Құқық бұзушылықтарға жатады:

— қоқысты белгіленбеген орындарға тастау

— қалдықтарды контейнерлерден тыс жерлерге жинау

— ортақ пайдаланылатын аумақтарды ластау

— жасыл желектерді бүлдіру

— іргелес аумақтарды уақтылы тазаламау

 Жауапкершілік шаралары:

  • жеке тұлғалар — 20 АЕК (73 840 теңге)
  • шағын кәсіпкерлік субъектілері — 30 АЕК (110 760 теңге)
  • орта кәсіпкерлік субъектілері — 40 АЕК (147 680 теңге)
  • ірі кәсіпкерлік субъектілері — 100 АЕК (369 200 теңге)

 Қайта құқық бұзушылық жасаған жағдайда айыппұл мөлшері ұлғаяды.

 Қаламыздың тазалығы мен тәртібін бірге сақтайық! Әрбіріміздің жауапкершілігіміз – таза әрі жайлы орта қалыптастыру.