Қарасу ауданы: су тасқынынан қауіп жоқ

Қарасу ауданы: су тасқынынан қауіп жоқ

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қарасу ауданындағы Қарамырза және Октябрь ауылдарында жұмыс сапарымен болып, су тасқынының алдын алу жұмыстарымен танысты. Ауданда 20 мың қап, 450 мың инертті материал дайындалды, 110-нан астам адам, 20 техника жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта Қарамырза ауылында тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелген жоқ.

2025 жылдың көктемінде Қарамырза ауылындағы су басу қаупі бар 56 аулаға қорғаныс үйінділері жасалды. Қазіргі таңда ауылды қосымша қорғаныс жұмыстарымен нығайту жалғасуда. 1000 қап төселді.

Сонымен қатар, Тімтуір өзеніне ағатын арналар тазартылуда. Тімтуір өзенінде бірінші және екінші табалдырық гидротехникалық құрылыстары су жүру жүйесін реттеп отыр.

Бірінші табалдырық 1956 жылы, екіншісі 1972 жылы пайдалануға берілген.

Ұзақ жылдар пайдаланылуына байланысты нысандар айтарлықтай тозған. Тасқын суды қауіпсіз өткізу және су басудың алдын алу мақсатында 2025 жылы гидротехникалық құрылыстарға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жөндеу жұмыстары 2025 жылдың желтоқсанында аяқталды. Нысандар қалпына келтіріліп қана қоймай, олардың пайдалану мерзімін ұзартуға және жақын аумақтарды су басу қаупінен қорғауға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта гидротехникалық құрылыстардағы кезекшілікте 8 ауыр техника мен 10 адам жұмылдырылған.