
Қостанай облысының әкімдігінде құқықтық жаппай оқыту шеңберінде кірістерді декларациялау бөлігінде заңнаманы сақтау, сондай-ақ әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат қағидаттарын ұстану мәселелері қаралды.
Міндетті декларациялау — мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етудің, қоғамның сенімін нығайтудың маңызды құралы және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі элементтерінің бірі болып табылады.
Қосымша ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары, соның ішінде лауазымдық міндеттерін атқаруына байланысты сыйақылар, сыйлықтар мен басқа да игіліктерді алуға тыйым салу мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар парасаттылық қағидаттарына, мүдделер қақтығысына жол бермеуге, сондай-ақ қызметтік жағдайды жеке мақсаттарда пайдалануға жол берілмейтіндігіне ерекше назар аударылды.