Қостанай облысында «National Robotics Games» робототехника бойынша облыстық жарыс өтті

Қостанай облысында «National Robotics Games» робототехника бойынша облыстық жарыс өтті

Қостанай ауданында робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар бойынша облыстық ұлттық «National Robotics Games» жарысы өтті.

Жарысқа Қостанай облысының қалалары мен аудандарынан келген 200-ден астам оқушы мен педагог қатысты.

Іс-шара Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылып, оқушылардың инженерлік және алгоритмдік ойлау қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ робототехника және заманауи технологиялар саласындағы практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

Жарыс дарынды жастарды қолдауға, ғылыми-техникалық шығармашылықты дамытуға және оқушылар арасында инженерлік мамандықтарды насихаттауға арналған маңызды алаңға айналды. Турнирдің ерекшелігі – заманауи технологиялық бағыттарды ұлттық мәдениет элементтерімен ұштастыруы болды.

Қатысушылар бірнеше санат бойынша бақ сынады. Олардың қатарында: «Aero Nomad» (дрондар), «Асық ату», «Мерген», «Арқан тартыс», «Садақ ату», «Lego-аударыспақ», «Теңге алу», сондай-ақ шығармашылық «StoryCraft AI» санаты бар.

Осындай жарыстарды өткізу мектеп оқушыларының инженерияға, бағдарламалауға және инновациялық технологияларға қызығушылығын арттырып, жас ұрпақтың цифрлық дәуірде сұранысқа ие дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.