Akim of the region got acquainted with the work of the rehabilitation center

Akim of the region got acquainted with the work of the rehabilitation center

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 60 орындық реабилитациялық орталықтың жұмысымен танысты.

Бұл кешен Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес өткен жылы ашылған болатын.

Орталықты заманауи реабилитациялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры 1 млрд теңге бағыттады.

Реабилитациялық орталық балалардың денсаулығын жақсартуға және әлеуметтік оңалтуға бағытталған барлық арнайы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсынады.

«Егер бұрын облыс орталығындағы 20 төсек-орынға арналған жалғыз реабилитациялық мекемеде жылына шамамен 400 бала ғана оңалту курсынан өте алса, қазір реабилитациямен қамту бір жарым жастан 18 жасқа дейінгі кемінде 900 баланы құрайды», – деді Құмар Ақсақалов.

Аймақ басшысы сонымен қатар, тағы бір жобаны қолға алғанын айтты. Ол «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Қостанай қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу туралы келісім. Нысанның құрылысы биыл басталады.