"Адал азамат" - мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық үлгісі

"Адал азамат" - мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық үлгісі

3 наурызда Қостанай қаласында облыс әкімінің аппаратымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен 2025-2027 жылдарға арналған "Адал азамат" идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі Жол картасын және Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын (сыбайлас жемқорлыққа қарсы) іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.

Іс-шараға қатысушылар: ЖАО әдеп жөніндегі уәкілдері, Қостанай облысы қалалары, аудандары әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды іске асыруға жауапты лауазымды тұлғалар, облыстық басқармалардың, ҚРМҚІА департаментінің, облыс әкімі аппаратының өкілдері.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Салықбаев қатысушылардың назарын ақпараттық жұмысты жандандыруға, құқық бұзушылықтардың, әдепсіз, теріс қылықтардың және беделді тәуекелдердің алдын алуды күшейтуге аударды. Спикер "Адал азамат" тұжырымдамасын адалдық пен әділдікке апаратын жол ретінде ұсынды.

Қостанай облысының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ. Сюндиков Жол картасы іс-шараларының іске асырылу барысы және жергілікті атқарушы органдардың міндеттері туралы хабардар етті. Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметкерлерге жүргізген анонимді сауалнамасының қорытындысы өңір қызметшілерінің "Адал азамат" қағидаттарын қолдайтындығын куәландырады. Сауалнамаға қатысқандардың 66,9% адал қызмет принциптерін мемлекеттік қызметте енгізу қажет деп санайды.

Баяндама жасағандар - Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қ.Т. Қазез, Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г. Иманова және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Б.Успанов.