
Жітіқара ауданында құқықтық сауаттылықты арттыруға және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Заң күнделікті өмірде» атты диалогтық кездесу өтті.
Ашық диалог барысында қатысушылар заңнаманы күнделікті өмірде қолданудың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті және заңдылық қағидаттарын нығайтудағы әр азаматтың рөлін талқылады.
Кездесу аясында заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың ашықтығы және халықпен сындарлы диалог орнату жұмыстың басым бағыттары екені атап өтілді.