
Қостанай облысында цифрлық даму және жасанды интеллектіні енгізу саласында белсенді жұмыс жүргізілуде. Өңір басшысы Құмар Аксақаловтың қатысуымен өткен отырыста алдағы кезеңдегі негізгі басымдықтар анықталды. Олар жеке цифрлық шешімдерден өңірдің экономикасына, мемлекеттік басқарудың тиімділігіне және тұрғындардың қажеттіліктеріне бағытталған кешенді цифрлық трансформацияға көшуге бағытталған.
2026 жылды Мемлекет басшысы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды. Бұл кезең деректерге негізделген басқаруға және ЖИ-ді практикалық қолдануға өту үшін маңызды болып саналады. Негізгі назар нақты экономиканың цифрландыруына аударылды – өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, энергетика, көлік және логистика, сондай-ақ әлеуметтік сала – денсаулық сақтау және білім беру. Басты мақсат – цифрлық технологияларды енгізу арқылы экономикалық өсімді қамтамасыз ету және өңірде біртұтас цифрлық экожүйеге көшу.
«2025 жылы өңірдегі автокөлік зауыттарында, тау-кен өндіру және машина жасау кәсіпорындарында 101 өнеркәсіптік робот орнатылып, қазіргі таңда жалпы саны 145 робот пайдаланылуда. 44 елді мекенде антенна-мачталық құрылыстар салынды. Соның нәтижесінде шамамен 14 мың ауыл тұрғыны 4G мобильді интернетіне қол жеткізді. Соңғы 3 жылда біз барлық 440 мектепті жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге қол жеткіздік. 2025 жылғы қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша Қостанай облысы үшінші орынды иеленді, ал электрондық форматта қызмет көрсету бойынша екінші орынға шықты», – деді Қостанай облысының әкімі Құмар Аксақалов.
Бүгінгі күні өңірде тұрақты IT-экожүйе қалыптасып келеді. Қостанай облысында шамамен 340 IT-компания жұмыс істейді. 2025 жылғы қорытынды бойынша олардың қызметінен түскен салық түсімдері шамамен 650 млн теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға артық. Сонымен қатар, IT-қызметтер экспорты өсіп келеді – өңірлік компаниялар өздерінің цифрлық өнімдері мен шешімдерін сыртқы нарықтарға шығарып жатыр.
Цифрлық инфрақұрылымды дамыту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Ауылдық елді мекендерді 4G интернетпен қамтылуы тұрақты өсу көрсеткішін көрсетеді: 2022 жылы бұл көрсеткіш 60% болса, 2025 жылы 76%-ға жетті. Білім беру саласындағы цифрлық алшақтық айтарлықтай қысқартылды: 2022 жылы жылдамдығы 20 Мбит/с жоғары интернет тек 88 мектепте (19,4%) болса, 2025 жылы барлық 440 мектепке жоғары жылдамдықты интернет жеткізілді.
А. Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университетпен бірлесіп, алдағы бір ай ішінде Tomorrow School (Франция) халықаралық жасанды интеллект мектебінің ашылуы аяқталатын болады.
Информациялық жүйелерді біріктіруге де ерекше назар аударылуда. 2026 жылы жүйелерді консолидациялау және ұлттық үлкен деректер платформасына интеграциялау жоспарлануда. Бұл аналитика мен жасанды интеллектіні басқаруда кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметтер саласында Қостанай облысы көшбасшы болып отыр: онлайн-мониторинг бойынша бірінші орын, электрондық қызметтердің сапасы бойынша екінші орын, екі зерттеу қорытындысы бойынша агрегаттық рейтингте үшінші орын. Тұрғындардың қызметке қанағаттану деңгейі жоғары сақталуда. Алдағы кезеңде ең сұранысты 80%-дан кем емес қызметтер проактивті және мобильді форматқа, сонымен қатар жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып көшіріледі.
Цифрландыру өңірде басқарудың тиімділігін арттыру, экономиканы дамыту және тұрғындардың өмір сапасын жақсарту үшін маңызды құралға айналуда.