Облыстық ҚХА жастары «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық интерактив ұйымдастырды

Облыстық ҚХА жастары «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық интерактив ұйымдастырды

2026 жылдың 23 қаңтарында Қостанай қаласында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында онлайн-кездесу және қала тұрғындары үшін экологиялық интерактив өткізілді. Іс-шараға үш өңірдің өкілдері мен қала тұрғындары қатысып, қоршаған ортаны қорғауда жеке жауапкершілік мәселесіне назар аударды.
Іс-шара Достық үйінде өтті. Оған Қостанай облыстық ҚХА «Ассамблея жастары» мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттары, Солтүстік Қазақстан облысының Ассамблея жастары, сондай-ақ Павлодар қаласының Студенттік Ассамблеясы қатысты.
Акция екі кезеңде ұйымдастырылды. Бірінші кезең — Zoom платформасында онлайн-кездесу болды. Кездесуге Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының жастар ұйымдары мен Павлодар қаласының Студенттік Ассамблеясының өкілдері қатысты. Қатысушылар өңірлерде «Таза Қазақстан» акциясын іске асыру тәжірибелерімен бөлісті, үздік жобалар мен бастамаларды таныстырды, 2026 жылға арналған жоспарларды талқылады. Қостанай облығы атынан спикерлер ретінде «Ассамблея жастары» жастар қозғалысының мүшелері және этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттарының жетекшілері сөз сөйледі. Кездесу соңында сұрақ-жауап сессиясы, ашық пікірталас және қорытынды жасалды.
Екінші кезең - қала тұрғындары үшін интерактив - ТРЦ ЦУМ және ТРЦ MART сауда орталықтарында өтті. Жастар қала тұрғындарымен «ВАЛЛ·И» анимациялық фильмінің тақырыбына негізделген интерактивтік форматта әңгімелесті. Сондай-ақ акция шеңберінде экология және республикалық «Таза Қазақстан» акциясы бойынша ақпараттық буклеттер таратылды.
Іс-шара ұйымдастырушысы Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ жетекшісі Наталья Рамазанова атап өткендей:«Экологиялық мәдениет жеке жауапкершілік пен бірлескен әрекет арқылы қалыптасады. Біз үшін маңыздысы — тек іс-шара өткізу емес, жастар мен қала тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға нақты іс-қимылға тарту. «Таза Қазақстан» бастамасы өңірлерді біріктіріп, экологияның болашағы біздің қолымызда екенін көрсетеді».
Өткізілген акция өңірлер арасындағы байланыстарды нығайтып, жастар қозғалысын әрекетке шақырып, қоғамның экология мәселелеріне назарын аударды.