
Кездесу барысында Қостанай облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары О. А. Магыпаров және Қостанай қалалық прокуратурасының сотқа дейінгі тергеу және қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау бөлімінің аға прокуроры А. А. Қастай қатысты. Интернет-алаяқтықтың неғұрлым кең таралған схемалары мен тәсілдері, күдікті қоңыраулар мен хабарламалар түскен кездегі іс-қимыл алгоритмі, құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті сақтау және дербес деректерді үшінші тұлғаларға беруге жол бермеу жөніндегі шаралар туралы кездесуге қатысушыларға жеткізілді.
Мұндай іс-шаралар құқықтық сауаттылықты арттыруға және цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.