Қостанай облысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен сатып алынған компьютерлік техниканың кезекті партиясы қабылдануда.

Қостанай облысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен сатып алынған компьютерлік техниканың кезекті партиясы қабылдануда.

Ағымдағы жылдың тамыз айында Үкіметтік резервтен 15 мыңнан астам (15 222) компьютерлік техника бірлігін (комплектідіегі компьютерлер  – 1584, ноутбук – 11586, планшет – 2052) сатып алуға қаражат бөлінді.

Қыркүйек айында   комплектідегі 1584 компьютер тауарының бірінші партиясы алынды және облыс өңірлеріне берілді. Қазан айының басында        895 ноутбуктің екінші партиясы келді. Бүгінгі күні Қостанай облысы әкімдігінің «Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығының» мамандарымен тағы 870 ноутбук қабылданып, олардың техникалық ерекшелігінің сәйкестігіне тексеру жүргізілуде. 11 873 дана көлемінде ноутбуктер мен планшеттердің қалған партиясын жеткізу күтіліп отыр.

Компьютерлік техника қалалық және аудандық білім бөлімдерімен қалыптастырылған тізім бойынша техникалық құралдарға мұқтаж оқушыларға берілетін болады, басымдылық халықтың әлеуметтік-осал топтарының балаларында.