
Соңғы үш жылда Қостанай облысының автомобиль жолдары саласына қомақты инвестициялар бағытталды.
2023-2025 жылдар аралығында бұл салаға жалпы көлемі 236 млрд. теңге қаржы бөлініп, 3 174 шақырым республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары жөндеуден өтті. Сонымен қатар, елді мекендердің көше-жол желісіндегі 1 070 учаске жаңартылды.