
Қостанай облысында өңірдің энергетикалық дамуы үшін тарихи маңызы бар оқиға болды — Б.Майлин ауданында қуаты 22,6 МВт болатын алғашқы күн электр станциясы пайдалануға берілді. Жобаны АО «Варваринское» компаниясы жүзеге асырды. Бұл нысан Мемлекет басшысының жаңартылатын энергия көздерін дамыту және Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі «жасыл» генерация үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында салынды.
Станцияның салтанатты түрде іске қосылуына облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, өңір үшін бұл қадамның ерекше маңызын атап өтті:
«Бұл электр станцияларының іске қосылуы энергия ресурстары тапшылығын айтарлықтай қысқартып, жаңа инвестициялар тартуға және ірі жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай қалыптастырады. Жасыл энергетика – жаңғырудың, инновациялардың және өңір болашағына деген жауапкершіліктің нышанына айналып келеді», – деді облыс әкімі.
Өңірдегі алғашқы күн станциясы: экономика мен экологияға қосқан үлес
Жаңа күн электр станциясы заманауи жоғары тиімді күн панельдерімен жабдықталған және Қостанай облысындағы алғашқы нысан болып табылады. Станцияның қуаты-22,6 МВт.
Жоба өңір экономикасы үшін де маңызды. Оның құрылысына 7,2 млрд теңге инвестиция салынды, нәтижесінде 16 тұрақты жұмыс орны ашылды. Күн энергиясының пайдаланылуы электр қуатына жұмсалатын шығындарды едәуір азайтады. Сонымен қатар, «таза» энергия өндіру дәстүрлі энергия жүйесіне түсетін жүктемені төмендетіп, көмірқышқыл газының шығарылуын азайтады. Бұл станцияны экономикалық тұрғыдан тиімді әрі экологиялық маңызы жоғары жобаға айналдырады.
Solidcore Resources бас атқарушы директоры Виталий Несис жобаның компания стратегиясындағы орнын атап өтті:
«Біз өндірісіміздің қоршаған ортаға әсерін барынша азайтып, оның энергия тиімділігін арттыруға ұмтыламыз. Жаңа күн электр станциясы бізге осы мүмкіндікті беріп отыр. Бұл нысан – Қостанай облысын дамытуға қосқан үлесіміз және жауапты әрі инновациялық өндірістің айқын мысалы», – деді ол.
Жоба аясында жалпы ауданы 98 000 м² болатын 36 мыңнан астам күн панелі орнатылды. Күн станциясының жылдық өндірісі шамамен 28,5 млн кВт/сағатты құрайды.
Энергетикалық көшу: өңір даму қарқынын үдетуде
Қазақстан энергетикалық жүйені жаңғыртуды жүйелі түрде жалғастырып келеді, бұл жерде Қостанай облысы да белсенді рөл ойнауда. Бүгінде өңір 0,45 ГВт электр қуатын тұтынса, соның тек 0,12 ГВт-ын ғана өзі өндіреді. Қазіргі таңда Арқалық пен Қостанай ауданындағы екі жел электр станциясы өңірдегі жалпы генерацияның 37%-ын қамтамасыз етіп отыр.
Облыс әкімі атап өткеніндей:
«Біздің мақсат – тек электр энергиясы өндірісін арттыру ғана емес, өңірді ұзақ жылдар бойы тұрақты дамытатын экологиялық таза, тиімді энергетикалық жүйе қалыптастыру».
Жаңартылатын энергияның алты ірі жобасы
Биыл облыста жалпы құны 560 млрд теңге болатын жаңартылатын энергия көздеріне арналған 6 ірі жоба іске асырылуда. Олардың қатарында – төрт жел станциясы, күн электр станциясы және газ-поршеньді электр станциясы бар.
Бұл нысандардың іске қосылуы облыстың электр энергиясын өндіру көлемін 10 есеге – 0,12 ГВт-тан 1,2 ГВт-қа дейін арттырып, аймақтың қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осы алты жобаның екеуін АО «Варваринское» жүзеге асыруда:
күн электр станциясы (СЭС),
газ-поршеньді электр станциясы (ГПЭС).
Газ-поршеньді станция: өңірдің энергетикалық тұрақтылығын күшейту
Қазан айында қуаты 40 МВт, құны 14,3 млрд теңге болатын газ-поршеньді электр станциясының құрылысы басталды. Станция іске қосылғаннан кейін электр жүйесіндегі пиковый жүктемелерді өтеу үшін маневрлік қуат көзіне айналады.
Екі жоба да кәсіпорынның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатыр.
Газ станциясы күн станциясының тәуліктік тұрақсыз өндірісін теңестіріп, түнгі, таңғы және кешкі уақытта қажетті электр қуатын өндіріп отырады. Сонымен қатар, станция АО «KEGOC»-тың сұранысына сәйкес жүйелік операторға реттеуші қуат беретін болады.
Бұл – еліміздегі «жасыл» энергия мен маневрлік газ генерациясы ұштасқан алғашқы кешенді жобалардың бірі.
Өңір дамуы мен инновациялар жолында
Жаңартылатын энергия көздері бойынша жаңа нысандардың іске қосылуы энергия тапшылығын азайтып қана қоймай, инвестиция тартуға, өнеркәсіпті дамытуға және өңірдің энергетикалық тәуелсіздігін күшейтуге қолайлы жағдай қалыптастырады.
Қостанай облысында іске қосылған алғашқы күн электр станциясы – инновациялардың, технологиялық жаңарудың және өңірдің болашағына деген жауапкершіліктің айқын белгісі.