Қостанай облысында байланыс сапасын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда

Қостанай облысында байланыс сапасын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда

Мекеме басшысы Азамат Қашиев облыстың қала және аудан әкімдіктерімен тұрақты түрде жұмыс кеңестерін өткізіп келеді. Кездесулер барысында өңір тұрғындары үшін телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және цифрлық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға байланысты негізгі мәселелер талқыланады.

Аталған кеңестер аясында мына бағыттар бойынша жұмыстар қаралады: елді мекендердегі мобильді байланыс пен мобильді интернеттің сапасы, антенно-мачталық құрылымдар салуға қатысты жобалық-сметалық құжаттаманың әзірлену барысы, сондай-ақ интернет желілерін одан әрі дамыту перспективалары мен қамту аясын кеңейту жоспарлары.

Мұндай өзара іс-қимыл форматы проблемалық аймақтарды жедел анықтауға, жергілікті атқарушы органдармен шешімдерді келісуге және цифрлық инфрақұрылымды жақсартуда кешенді тәсіл қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Цифрландыру басқармасы осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырады.