Саланың үздік өкілдеріне марапаттарды Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов табыстады.
Машина жасау – өңір экономикасының негізгі салаларының бірі және өңдеу өнеркәсібінде жетекші орын алады. Машина жасау үлесі өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінің 55 пайызын құрайды. Кәсіпорындарда 8 мыңнан астам адам еңбек етіп, отандық өндірісті дамытуға айтарлықтай үлес қосуда.
Ағымдағы жылдың сегіз айында сала кәсіпорындары 800 миллиард теңгеден астам өнім өндірді. Бұл – автомобильдер, комбайндар, тракторлар, тіркемелі және аспалы ауыл шаруашылығы техникасы, құрал-жабдықтар және басқа да өнім түрлері.
- Сіздердің еңбектеріңіз – жай ғана өндіріс емес, бұл – өңірдің экономикалық дамуының негізі, инновациялардың қозғаушы күші және прогрестің тірегі. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен ісіңізге деген адалдықтарыңыз ең жоғары бағаға лайық, – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.
Өңір басшысы атап өткендей, облыста машина жасау саласын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағытталған инвестициялық жобалар іске асырылуда.
2024 жылы облыста жалпы құны 50 миллиард теңге болатын бес инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл жалпы құны 312 миллиард теңге болатын тағы бес жоба іске қосылмақ, бұл өз кезегінде 3,2 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Ірі жобалардың бірі – KIA маркалы автомобильдерді толық циклмен өндіретін зауыттың құрылысы. Мұнда шамамен 1500 жаңа жұмыс орны ашылады.
- Жаңа зауыттың іске қосылуы өңірдің отандық автомобиль жасау орталығы ретіндегі беделін одан әрі арттыра түседі. Негізгі басымдық жергілікті кадрларды даярлауға, инженерлер мен жұмысшылардың кәсіби және технологиялық біліктілігін арттыруға бағытталады, – деді облыс әкімі.
Құмар Ақсақаловтың айтуынша, барлық жобалардың жүзеге асырылуы Қостанай облысын индустриялық дамудың жаңа деңгейіне шығарып, елдегі жетекші машина жасау орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтады.
Салтанатты рәсім барысында мемлекеттік және мерейтойлық марапаттар табысталды.
«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталғандар:
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталғандар: