Қостанай ауданында халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында іс-шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Аудан тұрғындары арасында экологиялық жауапкершілікті насихаттау мақсатында 2025 жылы Қостанай ауданының ішкі саясат бөлімі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Қостанай ауданында “Таза Қазақстан” жалпыұлттық бағдарламасын ұйымдастыру және идеологиялық сүйемелдеу» жобасын іске асыруда.
Аталған жоба аясында 2025 жылғы 7 қазанда Октябрь ауылындағы С. Кубеев атындағы жалпы білім беретін мектепте «Ресайклинг шеберханасы» пилоттық жобасының іске қосылуы өтті. Жоба аясында интерактивті экологиялық кеңістік — «ЭкоКабинет» орнатылды.
Бұл бастаманың мақсаты — оқушылар мен ауыл тұрғындарының экологиялық жауапкершілігін арттыру, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу мәдениетін дамыту, сондай-ақ материалдарды қайта пайдалану мүмкіндіктері туралы хабардарлықты күшейту.
«ЭкоКабинет» — қалдықтарды жинауға, сұрыптауға және қайта өңдеуге арналған интерактивті алаң. Мұнда ауыл тұрғындары мен оқушылар тұрмыстық қалдықтарды тапсырып қана қоймай, олардың қайта өңделіп, жаңа бұйымдарға — мысалы, 3D-баспаға арналған жіптер мен өзге де пайдалы материалдарға айналу үдерісін бақылай алады.
Жоба «Neco» экологиялық клубы» қоғамдық қорының қолдауымен, білім беру мекемесі мен мемлекеттік органдардың ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылуда. Бұл бастама заманауи экологиялық тәжірибелерді енгізуге, экологиялық еріктілік қозғалысын дамытуға және жас ұрпақ арасында табиғатты ұқыпты пайдалану мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
«Ресайклинг шеберханасы» жобасының іске қосылуы — «Таза Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады және Қостанай облысында экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған.
#ТазаҚазақстан #тазаел #экология #ресайклинг #TazaChallenge #тұрақтыдаму @TazaQazaqstan