2025 жылы 1-6 қазан аралығында Қостанай қаласында І. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының 25 жылдығына орай, «QITFest» халықаралық театр фестивалі өтуде.
Фестивальдің басты мақсаты – театр өнері арқылы халықаралық байланыстарды дамыту, шет елдермен мәдени тәжірибе алмасу және жаңа шығармашылық тұрғыда ынтымақтастықты орнату.
Фестивальге Қазақстан, Түркия, Армения, Грузия, Иран, Қырғызстан, Ресей театр ұжымдары қатысуда.
Фестивальге қазақ өнерінің тарландары, КСРО және Қазақстанның Халық әртістері, мемлекеттік сыйлықтың иегерлері, белгілі театр және кино актерлері Асанәлі Әшімов пен Тұңғышбай Жаманқұлов, ҚР мәдениет және ақпарат министірлігінің мәдениет комитеті театр өнері басқарма басшысы Алтынгүл Нұрбекова құрметті қонақ ретінде қатысты.
Қазылар алқасының құрамында Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның профессоры, театртанушы, өнертану кандидаты, ҚР театр сыншылар бірлестігінің төрағасы – Еркебай Анар Сайымжанқызы; театртанушы, өнертану кандидаты, Қауымдастырылған профессор, ҚР театр сыншылар бірлестігінің төрағасы – Мұқан Амангелді Оразбайұлы; профессор, театртанушы, өнертану доктор, ҚР театр сыншылар бірлестігінің мүшесі – Нұрпейіс Бақыт Кәкиқызы; ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Бахтыгереев Бейбіт Салауатұлы; театр сыншысы. Ресей Федерациясының мәдениет қайраткері –.Кузнецова Евгения Борисовна бар.