Мұғалімге алғыспен

Мұғалімге алғыспен

Жастар сарайында облыстыңбарлықөңірлерінен келген мың шақтыпедагог кәсіби мерекемен құттықтауларды ерекше толқыныспен қабыл алды.

Мұғалімдерге,тәрбиешілерге,колледжоқытушылары мен шеберлеріне, арнайы және қосымша білім педагогтерінежылысөздерменшынайытілектер айтылды.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов мұғалім мамандығының маңыздылығын атап өтті. «Білім саласының дамуына мемлекет тарапынан айрықша мән берілуде. Соңғы үш жылда өңірімізде 23 білім беру объектісі салынды, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны нығайту үшін
5,5 млрд теңге бөлінді. Жыл сайын мектептерімізде заманауи пән кабинеттері мен STEM-зертханалары ашылып, оқушылардың қабілетін дамытуға, ғылымға, оның ішінде жасанды интеллектке деген қызығушылығын арттыруға толық жағдай жасалуда», - деді ол.

Мұғалім үшін ең қымбат сыйлық - оқушының жетістікке жеткені. Облыс қоржынында халықаралық зияткерлік жарыстарда иеленген
9 жүлделі орын бар. Біздің оқушылар ауыл мектептеріне арналған республикалық олимпиадада 26 медаль жеңіп алып, үшінші командалық орынға ие болды.

Жас зерттеушілеріміз де үздік нәтиже көрсетіп, ғылыми жобалар байқауында 16 жүлделі орын, ал халықаралық ғылыми жарыстарда 4 медаль жеңіп алды.

Облыс әкімі педагогтерді Жұмысшы мамандықтары жылы аясында биылдан бастап алғаш рет 2 қазанда тойланатын Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің күнімен құттықтады.

Алғысқа толы жылы құттықтаулар педагогикалық еңбек ардагерлеріне де арналды, зал оларға орындарынан тұрып қошемет көрсетті.

ҚұмарАқсақаловөзініңкәсібишеберлігіндеелеулінәтижелерге қол жеткізгеноблыспедагогтарынмарапаттады.15 педагог «Ы.Алтынсарин» төсбелгісіне,5 педагог «ҚРБілім беру ісінің құрметтіқызметкері»белгісіне ие болды,5педагогқа«Еңбекардагері» медальдарытабысталды.Тағы20педагогоблысәкімініңграмотасымен марапатталды.

Облыс әкімі Қостанай қаласының № 17 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Айгүл Данкеноваға Ыбырай Алтынсарин төсбелгісін табыстады. «Мұғалім болу – қастерлі міндет. Еңбегімнің осылай жоғары бағалануы мені болашақта жаңа жеңістерге жетуге шабыттандырады», - деп қуанышымен бөлісті. - «Мен отбасыма, әріптестеріме және оқушыларыма алғысымды білдіремін, олар әрдайым маған алға қарай ұмтылуға, тоқтамауға күш береді», - деді марапат иесі.

Жалпыоблыстамерекеқарсаңында 49 педагогмедальдарменжәнетөсбелгілерменмарапатталды,тағы194 педагогқа республикалық және облыстық деңгейдегіграмоталарменалғысхаттар табысталды.

Облыстың үздік әртістері мен ұжымдарының мерекелік концерті көрермендерге қуанышты сәттер мен жағымды эмоциялар сыйлады.