Өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуы

Өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуы

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста 69 222 шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі - ШОК) субъектілері әрекет етеді, бұл 2024 жылдың деңгейіне 105,9% құрайды (2024 ж. 1 қыркүйек – 65 379 бір.), оның ішінде 9 568 – шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар, 148 – орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар, 53 211 жеке кәсіпкерлер және 6 295 – шаруа қожалықтары.
2025 жылдың 1-тоқсанның қорытындысы бойынша ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны 164 277 адамды құрайды (2024 ж. 1-тоқсанның қорытындысы – 159 195 адам), оның ішінде шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларда 50 082 адам, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларда – 25 341 адам, жеке кәсіпкерлікте – 77 089 адам, шаруа қожалықтарында – 11 765 адам жұмыспен қамтылған (статистикалық деректер есепті кезеңнен кейінгі тоқсанға кешіктіріліп, тоқсандық негізде қалыптастырылады).
ШОБ субъектілерінің өнім шығаруы номиналды түрде 15,5%-ға ұлғайып, 515 962 млн. теңгені құрады (2024 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша- 446 680 млн. теңге), оның ішінде шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары 182 230 млн. теңге сомасына өнім шығарды, орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 133 525 млн. теңге, жеке кәсіпкерлер – 199 174 млн. теңге, шаруа қожалықтары – 1 033 млн. теңге. Бұл ретте өнім шығарудың НКИ 16,2% пайыздық тармаққа ұлғайып 106,4% құрады (2024 жылдың 1-тоқсанның қорытындысы бойынша – 94,7%), өнім шығарудың жалпы қосылған құны 11,1% ұлғайып 321 322,4 млн. теңгені құрады (2024 жылдың 1-тоқсанның қорытындысы бойынша – 289 308,3 млн.теңге). ЖӨӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 30,2% құрайды (2024 жылдың 1-тоқсанның қорытындысы бойынша– 29,7%, төмендеу-0,5%) (статистикалық деректер есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанға кешігіп тоқсандық негізде қалыптастырылады).