Баршаңызды Еңбек күнімен құттықтаймын!
Осы айтулы күні адал еңбегімен қоғамның игілігі және оның өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген барша жандарға шын жүректен алғысымды білдіремін.
Еңбек адамы - кез-келген өндірістің тірегі, тұрақтылық пен өсудің қайнар көзі.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде еңбек адамының ел дамуына қосқан үлесін ерекше атап өткен болатын. Биылғы жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануы да осыны дәлелдей түседі.
Тобыл-Торғай өңірі қашанда еңбегімен елге үлгі болған қасиетті өлке. Даламызды дүбірлеткен диханымыз да, өнеркәсіп пен өндірістің алдыңғы шебінде жүрген жұмысшыларымыз да – барлығы туған жердің өркендеуіне үлес қосып келеді.
Еңбек – береке бастауы. Әр күнімізді абыройлы іспен өрнектеп жүрген жерлестеріміздің қажырлы еңбегі біз үшін үлкен мақтаныш. Біз әрқашан еңбек әулеттерін, өз ісінің майталмандары мен жасампаздық жолын таңдаған жас мамандарды мақтан тұтамыз!
Осы мереке күні сіздерге зор денсаулық, амандық, толағай табыс пен игілікті істеріңізге сәттілік тілеймін. Еңбектеріңіз лайықты бағаланып, қуаныш пен береке әкелсін!
Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов