Облыстағы жолдардың құрылысы мен қайта жаңғыртылуы

Облыстағы жолдардың құрылысы мен қайта жаңғыртылуы
Қостанай облысының автожол саласына 2025 жылға арналған бюджеті – 102 млрд теңге. Оның ішінде:
  • республикалық маңызы бар жолдарға – 47 млрд теңге,
  • жергілікті жолдарға – 20 млрд теңге,
  • межбюджеттік трансферттерге – 35 млрд теңге.
 
Биыл жалпы пайдаланымдағы 1 300 шақырым автожолды (104 учаске) және 103 елді мекендегі 400-ден астам көшені жөндеу жоспарланып отыр. Алғаш рет 57 ауылға кіреберіс жолдарда күрделі жөндеу жұмыстары басталды, бұрын мұнда тек ағымдағы күтім жүргізілген еді.
 
Ауылдық жерлердегі көше-жол желісін дамыту:
  • 98 ауылдағы 293 көше учаскесіне алғаш рет асфальт төселмек.
  • Ауылдарда жаяу жүргіншілерге арналған тротуарларды салу облыстық бюджет есебінен қаржыландырылуда.
 
Барлық шаралар ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Соңғы үш жылда (2022–2024) облыстың автожол саласына 120 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 1 900 шақырымға жуық жергілікті маңызы бар жолдар және елді мекендердегі 923 көше учаскесі жөнделді.
 
Жұмыстардың сапасын бақылау:
  • «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Қостанай филиалының қызметтеріне 442 млн теңге бөлініп, барлық жобалар 100% сапа сараптамасымен қамтылды.
  • 440 тексеріс жүргізіліп, 949 сынама алынды. Мердігерлер сапасыз орындалған жұмыстарды өз есебінен қайта жасап, оның құны 88,1 млн теңгені құрады.