24 қыркүйек күні IQostanay оқушылар сарайында республикалық «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының өңірлік кезеңі жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Қатысушыларды Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Ғизатқызы құттықтады.
«Еңбекқорлық, кәсібилік пен адал еңбек – кез келген қоғамдағы прогресс пен құрметтің негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің дамуына еңбек адамының қосқан үлесін мойындаудың маңыздылығын үнемі атап өтеді. Бұған дәлел – биылғы жылдың Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жариялануы. Бұл күн сайынғы еңбегімен, жауапкершілігімен, кәсібіне деген сүйіспеншілігімен өмірімізді жақсартып, елімізді нығайтып жүрген адамдарға көрсетілген құрмет», – деді өз сөзінде Гүлбарам Ғизатқызы.
«Еңбек жолы» — сабақтастық, құрмет және мамандыққа деген мақтаныш
«Еңбек жолы» байқауы еңбек әулеттері, тәлімгерлер мен жас мамандардың тарихын баяндайды. Биыл оған облыстың 26 кәсіпорын қызметкері қатысты. Жеңімпаздар үш аталым бойынша анықталды:
Асылбек Арстамбаевтың айтуынша: «Мен электромонтер мамандығын таңдадым, себебі бұл маған қызық. Маған қолмен жұмыс істеп, техниканы зерттеу, жабдықтарды қосу ұнайды. Бұл мамандық әрқашан қажет болады – электр қуаты барлық жерде бар: үйде, жұмыста, өндірісте. Сонымен қатар электромонтер – адамдардың қауіпсіздігіне жауапты, үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс».
Жеңімпаздарға естелік мүсіншелер мен ақшалай сыйлықтар табысталды, ал барлық қатысушылар дипломдармен және өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.
«Парыз» — әлеуметтік бизнес пен адамдарға қамқорлық туралы
«Парыз» байқауы тек пайда табуды ғана емес, сондай-ақ маңызды әлеуметтік миссияны да мойнына алатын қамқор кәсіпорындарды атап өтеді. Биыл оған өңірдің 8 жұмыс берушісі қатысты, олардың әрқайсысы құрметке лайық.
Жеңімпаздар төмендегідей аталымдар бойынша анықталды:
Бұл байқаулар – өңірдің әр жетістігінің артында адамдар тұрғанын еске салатын маңызды шара. Еңбек ететін, шабыттандыратын, тәлім беретін және қамқорлық көрсететін адамдар.