Архимед Мұхамбетов Бейімбет Майлин ауданының жаңа әкімін таныстырды

Архимед Мұхамбетов Бейімбет Майлин ауданының жаңа әкімін таныстырды

Бейімбет Майлин аудандық мәслихат депутаттарымен келісе отырып, Қостанай облысы әкімінің өкімімен Бейімбет Малин ауданының әкімі лауазымына Қайсар Батырханұлы Мұржақыпов тағайындалды.

Оны бүгін аудан активінің жиналысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов таныстырды.

Қайсар Мұржақыпов 1985 жылы 3 маусымда Қостанай облысы Қостанай ауданы Алтын Дала ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Ахмет Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Экономика» және «құқық» мамандықтары бойынша бітірген.

Бұрын Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

Естеріңізге сала кетейік, Бейімбет Майлин ауданының бұрынғы әкімі Қуандық Испергенов Қостанай облысы Рудный қаласының әкімі болып тағайындалды.

 

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі