Қостанай облысының Құсмұрын ауылында оқу жылының алғашқы күні «Келешек мектептері» Ұлттық жобасы бойынша салынған мемлекеттік тілде оқытатын жаңа заманауи мектеп оқушыларға өз есігін айқара ашты.
Жалпы құрылысына 3,5 млрд. теңге бөлінген Құсмұрын ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінде табысты білім беру процесі үшін балаларға барлық жағдай жасалған.
Оқу кабинеттері заман талабына сай және педагогтер мен оқушыларға ғылыми жұмыстар әзірлеуде жасанды интеллекті пайдаланып, виртуалды тәжірибелер жасауға мүмкіндік беретін интерактивті жабдықтармен жарақталған.
Салтанатты жиында облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов оқушыларды, ата-аналарды және барша ұжымды құттықтай отырып, «Жаңа мектептің ашылуы – ата-аналар мен балалардың көптен күткен қуанышы!
Мектеп еліміздің Конституциясының 30-жылдығы, сондай-ақ қазақтың тұңғыш ғалымы, тарихшы, этнограф және ағартушысы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуын мерекелеу жылы ашылып, өзінің қайталанбас тарихын жаза бастағаны ерекше қуантуда.
Бұл оқушылардың бойында нағыз патриотизм, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру жолында мықты негіз болатынына мен сенімдімін.
Баршаңызға толағай табыстар мен жоғары жетістіктерге жетуді тілеймін!», - деді.
Мектепте 24 оқу кабинеті бар. Физика, химия, биология пәндері кабинеттерінің биотехнология және нанотехнология бойынша оқу зертханалары бар, робототехника және компьютерлік сыныптар, STEM зертхана заманауи түрде жабдықталған.
Заманауистаноктарменжабдықталған«Үймәдениеті»жәнетігінжабдықтары бар «Дизайнжәнетехнология»жаңашеберханалары, аспаздықкабинетіоқушыларғаөміргеқажеттідағдыларды үйренуге көмектеседі.
Кеңспортзалытолығыменспорттыққұралдармен жабдықталған,алжасбишілердіхореографиязалықабылдауғадайын.
Оқушыларды жан-жақты дамытуға және педагогтердің белсенді жұмысына арналған акт залы, оқу залы бар заманауи кітапхана, «Көрнекі өнері» кабинеті және жайлы коворкинг зоналар жұмыс істейді.
Мұның бәрі оқушылардыңбілімсапасынарттыруға, қабілеттеріменталанттарынашуға, өскелеңұрпақтыңғылымижәнешығармашылықәлеуетіндамытуғабағытталған.
Мектеп оқушысының анасы Балғын Ермағамбетова: «Бүгін жаңа мектебімізді көріп, біздің қуанышымызда шек жоқ! Бұрынғы мектеп ескі әскери госпитальдің ғимаратында орналасқан болатын. Енді ауылымыздағы бұл заманауи білім ордасында оқып, қызым жоғары нәтижелерге қол жеткізетініне сенімім мол!», - деп қуанышымен бөлісті.
Бұл «Келешек мектептері» Ұлттық жоба аясында ашылған облыстағы бесінші мектеп екенін естеріңізге сала кетейік. Жалпы жоба бойынша өңірде 4500 орынға арналған 6 мектеп ашылатын болады.
Бұлөңірдегіоқушыорындарыныңтапшылығымәселесіншешіп, қазақстандықтардыңжаңабуынын жан-жақтыдамытуүшінбарлыққажеттіжағдайлардыжасауғамүмкіндік береді.