19 тамызда өңірдің педагогтары «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ – КӘСІБИ МАМАН» тақырыбында өткен Қостанай облысының білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі облыстық кеңесінде бас қосты.
Жұмысшы мамандықтары жылына және «Адал азамат» бағдарламасының іске асырылуына орай ұйымдастырылған көрме педагогтердің үлкен қызығушылығын тудырды.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов: «Білім мен технология тез өзгеріп жатқан уақытта елдің болашағы білім сапасына тікелей байланысты. Мұндағы басты тірек – педагогтердің кәсібилігі мен дамуы болып келеді», - деп атап өтті.
Білім басқармасының басшысы Айман Ибраева өз сөзінде өткен оқу жылын қорытындылап, мектепке дейінгі білім беруден бастап колледждерге дейін барлық деңгейдегі білім беру жүйесінің өзгерісін көрсетті, жаңа оқу жылына жұмыс перспективаларын белгіледі.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы Тимур Темірғалиұлы Әбілмәжінов өз бандамасында басты бағыттар және стратегиялық мақсаттар мен міндеттермен бөлісті.
«KIA Qazaqstan» бас директоры Ким Де Ки мырза және Қостанай автомобиль көлігі колледжінің директоры Дмитрий Иванович Павленко өңір экономикасын дамыту үшін сұранысқа ие мамандарды даярлау бойынша жетекші кәсіпорындар мен колледждердің әлеуметтік әріптестігі мен өзара іс қимылының өзекті мәселелері жөнінде баяндады.
«Адал азамат» бағдарламасын іске асыру тәжірибесімен Қостанай қаласының № 28 мектеп-гимназиясының директоры Жансая Бахытбекқызы Исмаилова бөлісті.
Кеңес әдеттегі дәстүр бойынша педагогтерді марапаттаумен жалғасты.
«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағымен Қостанай қаласының құрметті азаматы Беген Каженұлы Копеш марапатталды, педагогикалық еңбек ардагеріне марапат жеке табыс етіледі.
4 педагогке «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, 25 педагог облыс әкімінің грамотасына ие болды.
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Үздік мектеп ауласы» облыстық конкурсының жүлдегерлері ақшалай сертификаттармен марапатталды. 3 орынды иеленген Әулиекөл ауданының Ш. Шаяхметов атындағы Сұлукөл орта мектебі 200 мың теңге, Қостанай қаласының № 19 ЖББМ күміс жүлдегер атанып 300 мың теңге жеңіп алды. Конкурс жеңімпазы атанған Қарабалық ауданының Абай атындағы ЖББМ директорына 500 мың теңгеге сертификат табыс етілді.
Сарыкөл ауданының білім бөлімі «Ауданның үздік білім беру жүйесі» номинациясы бойынша және Қостанай қаласының білім бөлімі «Қаланың үздік білім беру жүйесі» номинациясы бойынша рейтингтік бағалаудың жеңімпаздары және 5 млн.теңгеге сертификат иегерлері атанды.
Марапаттау рәсімі «Орта білім берудің үздік ұйымы» жеңімпазы - Бейімбет Майлин ауданының Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебіне және «ТжКБ үздік ұйымы» конкурсының жеңімпазы - Қостанай жоғары политехникалық колледжіне 68 миллион теңгеге екі сертификат табыстаумен аяқталды.