«Таза ел-мықты өңір: «Таза Қазақстан» Қостанай облысында»

«Таза ел-мықты өңір: «Таза Қазақстан» Қостанай облысында»

Ел Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдың сәуір айының басында іске қосылған «Таза Қазақстан» бағдарламасын қостанайлықтар ауқымды түрде қолдауды жалғастыруда. Бұл бастаманың мақсаты – халықтың экологиялық хабардарлығын арттыру және облыстың әртүрлі аймақтарындағы қоршаған ортаны жақсарту.

Бағдарлама аясында өңірде қазірдің өзінде аумақтарды тазарту және абаттандыру, қалдықтарды жинау және қайта өңдеу бойынша креативті ауқымды іс-шаралар, сондай-ақ азаматтардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған ағарту жұмыстары – акция, дөңгелек үстел, семинарлар ұйымдастырылып жатыр.

Бағдарламаны жүзеге асыруда жергілікті кәсіпорындар және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық маңызды рөл атқарады. Іс-шараларға бизнес-қауымдастық, жастар, спортшылар мен этномәдени бірлестік өкілдері белсенді қатысуда.

2025 жылғы 11 тамызда Рудный қаласындағы Алексеев археологиялық кешені аумағында «Жастар еңбек жасағы» мүшелерінің қатысуымен экологиялық квест өтті.

Іс-шараның мақсаты – тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау, жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және туған өлкенің табиғатына ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Квест барысында қатысушылар кешен аумағын тазарту жұмыстарын жүргізді. Жиналған қоқыс сұрыпталып, экологиялық нормаларға сәйкес шығарылды.

Тазалық жұмыстарынан кейін жастар үшін танымдық экологиялық жорық ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында табиғатты қорғау мен тарихи орындарды сақтау маңыздылығы жөнінде түсіндіру әңгімесі өткізілді.

Іс-шара соңында белсенді қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Қостанай ауданында 3 күндік экологиялық шатырлы лагерь өтті

2025 жылғы 10–12 тамыз аралығында Familypark аумағында 12–16 жастағы жасөспірімдерге арналған 3 күндік экологиялық шатырлы лагерь өтті. Лагерьді «Жанашыр бол» қоғамдық қоры Қостанай ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырды.

Лагерьдің мақсаты – жасөспірімдердің экологиялық сауаттылығын арттыру, табиғатпен ұқыпты қарым-қатынас жасау дағдыларын, командалық жұмыс пен көшбасшылық қасиеттерін дамыту.

Бағдарлама аясында шеберлік сабақтары, экосоқпақ бойымен экскурсиялар, шығармашылық байқаулар және спорттық жарыстар өткізілді. Қатысушылар туризм, бағдарлау, ара шаруашылығы, экожобалау негіздерін үйреніп, актер, фотограф және блогер рөлдерін де байқап көрді.

Лагерьдің жабылу салтанатында белсенді қатысушыларға грамоталар мен естелік дипломдар табыс етілді.

Ұйымдастырушылар іс-шараның қызықты әрі қауіпсіз өтуіне үлес қосқан барлық спикерлерге, нұсқаушыларға және еріктілерге алғыс білдірді.

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan.