Мекенжайларды беру жөніндегі мемлекеттік қызмет: жаңа нәтиже және бас тарту үшін кеңейтілген негіздер

Мекенжайларды беру жөніндегі мемлекеттік қызмет: жаңа нәтиже және бас тарту үшін кеңейтілген негіздер

2025 жылғы 22 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 19 шілдедегі №270 бұйрығымен бекітілген «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер күшіне енеді.

Атап айтқанда, қызмет нәтижесінің нысаны өзгереді. Бұған дейін нәтиже жеке хабарлама құжатынсыз, мекенжайды беру немесе жою фактісі түрінде ресімделсе, енді көрсетілетін қызметті алушыға ресми хабарлама-хат немесе дәлелді бас тарту жіберілетін болады.

Сонымен қатар, қызмет көрсетуден бас тарту негіздерінің тізбесі кеңейтілді. Бұрын тек ұсынылған құжаттардың дұрыс рәсімделмеуі және белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі бас тартуға негіз болса, енгізілген өзгерістер нәтижесінде негіздер саны бесеуге дейін ұлғайтылды. Бұл азаматтарға бас тарту себептері туралы нақты әрі толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Алдыңғы екі негізге төмендегілер қосылды:

1) Қызметке қатысты заңды күшіне енген тыйым салудың болуы;

2) Көрсетілетін қызметті алушыны сот шешімі бойынша арнайы құқықтан айыру;

3) Қажетті дербес деректерді өңдеуге келісімнің болмауы.

Егер сізде мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру бойынша ұсыныстарыңыз болса, Қостанай облысы әкімдігінің Ақпараттандыру басқармасына хабарласа аласыз: Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75, қабылдау бөлмесінің телефоны 8 (7142) 50-35-77, сондай-ақ электрондық платформалар e-Otinish, Instagram парақшасы digital_kostanay

Сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет істері департаментіне мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Қостанай қаласы, Қасымханов көшесі, 34, сенім телефоны 39-31-65, сондай-ақ электрондық платформалар E-Otinish, EgovKzBot 2.0, Instagram парақшасы Elgeqyzmet_qostanai.