Қостанайда 280 орынға арналған жаңа балабақша ашылды

Қостанайда 280 орынға арналған жаңа балабақша ашылды

Қостанайда Мемлекет басшысының қадамдық қолжетімділікте білім беру ұйымдарын салу міндеті шешімін тауып келеді.
18 маусымда облыс орталығында 280 орындық жаңа мемлекеттік балабақша ашылды. Соңғы жылдары белсенді дамып келе жатқан «Аэропорт» шағын ауданының тұрғындары бұл балабақшаны асыға күтті.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов балабақшаның ашылуында: «Осыдан екі жыл бұрын шағын аудан тұрғындарымен кездесуде жас отбасылар үшін балабақша құрылысының маңыздылығы туралы айтылған болатын. Енді, міне, балабақша салынып, балаларды қарсы алуға дайын. Сондай-ақ биыл «Келешек мектептері» Ұлттық жобасы бойынша жаңа мектеп ашылды, инфрақұрылым дамытылып, жолдар жаңартылуда. Мемлекет тарапынан тұрғындарға қолдау көрсетіліп, барлық жайлы жағдайлар жасалып келеді. Бұл балалабақша балаларымызға жайлы үйлеріндей болатынына мен сенімдімін», - деп атап өтті.
Екі жасар қызымен келген Айгүл Макенованың қуанышында шек жоқ. «Біз жаңа балабақшаның дәл қасында тұрамыз. Құрылысын өз көзімізбен көріп, қызымның балабақшаға баруын асыға күттік. Өте әдемі және ыңғайлы, балаларымыз өздерін жайлы сезінуі үшін барлығы қарастырылған, мұның бәрі біздің балаларымыздың дамуы және алғашқы жетістіктер мен жеңістерге ұмтылуы үшін жасалған», - дейді.
Балабақша барлық заманауи талаптарға сай, мемлекеттік және орыс тілінде оқытатын 16 топ жұмыс істейді.
Балабақшада жайлы бөлмелер, спорттық және шығармашылық залдар, этномәдени бұрыштар бар, оның барлығы балаларды толыққанды тәрбиелеу, оқыту және дамыту үшін жасалған.
Балалардың танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында шағын зертхана жұмыс істейді, онда балалар қарапайым тәжірибелер мен бақылаулар жүргізеді.
Мобильді кітапхана да іске қосылмақ, балалар бос уақытында ата-аналарымен бірге QR кодтан өтіп, аудио ертегілерді тыңдайды және үйде оқу үшін кітаптар алады.
Балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінген: ғимарат бейнебақылау жүйесімен, дабыл түймесімен жабдықталған, барлық санитарлық және өртке қарсы нормалар сақталған.
Балабақша аумағында футбол, баскетбол ойнауға арналған алаңдар, теннис үстелдері орнатылған.
75 тұрақты жұмыс орындары ашылды, оның 45 – педагогтар.
Облыста екі жылда 1700 орындық 10 балалабақша ашылып, 3 жастан асқан балалардың кезектілігі мәселесі шешілді.
Облыс орталығында 685 орындық үш жаңа балабақшаның ашылуы Қостанай қаласында екі жастан асқан балалардың кезектілігін төмендетуге мүмкіндік берді.