Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту – экономикалық өсім мен халықтың өмір сүру сапасының негізгі факторы

Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту – экономикалық өсім мен халықтың өмір сүру сапасының негізгі факторы
Мемлекет басшысы өз Жолдауында инфрақұрылымдық мәселелерді шешудің маңыздылығын, оның ішінде автожолдар желісін дамытуды ерекше атап өтті. Бұл – экономикалық өсудің және азаматтардың әл-ауқатын арттырудың маңызды алғышарттарының бірі.
 
2025 жылы Қостанай облысында автожол саласының қаржыландыруы едәуір ұлғайды – өткен жылмен салыстырғанда бюджет 31%-ға артып, 106 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 47,1 млрд теңге немесе 44,4% республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге бағытталды.
 
Ауқымды жөндеу жұмыстары
 
Биылғы жылы бірқатар маңызды жол учаскелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде:
•Сарыкөл ауылынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі жол;
•Арқалық – Ұлытау облысының шекарасы бағыты;
•Ұзынкөл – Троебратное жолы;
•Қарабалық ауылынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі жол;
•Қарасу ауданына қарасты Октябрьское ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі жол;
•Бестөбе ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі жолда жөндеу басталды.
 
Бұдан бөлек, 14 маусымда Президенттің тапсырмасына сәйкес “Орталық – Батыс” автожолының құрылысы басталды. Бұл жоба Қостанай облысының оңтүстік өңірлерін елдің негізгі көлік тораптарының біріне айналдырмақ.
 
Рудный қаласына жаңа серпін
 
Рудный қаласында транзиттік жүк көліктерінен туындайтын орталық көшелердегі жүктемені азайту мақсатында айналма жол салу жоспарлануда. Жоба келесі жұмыстарды қамтиды:
•16,9 км ұзындықтағы жаңа жол құрылысын,
– оның ішінде 4,3 км – жаңа жол салу,
– 11,2 км – бар жолды қайта жаңғырту;
•маршрут Белозерка және Балықты ауылдары арқылы өтіп, Юбилейное ауылы маңындағы жаңа жолайырыққа шығады;
•жобаның алдын ала құны – шамамен 25 млрд теңге;
•құрылысты биыл бастап, 2028 жылы аяқтау жоспарлануда.
 
Қостанай – Рудный автожолы
 
Аймақтағы ең көп жүктемелі жол учаскелерінің бірі – Қостанай – Рудный бағыты (ұзындығы 31,5 км) да назардан тыс қалған жоқ. Бұл жолмен тәулігіне 10–13 мың көлік өтеді. Жөндеуге 6,5 млрд теңге бөлінді.
 
Қазіргі уақытта:
•оң жақ бөлікке асфальт төсеу жұмыстары 89%, сол жақта – 32% орындалды;
•153 дана көше шамының тіректері орнатылды;
•барлық жұмыстарды қазан айында аяқтау жоспарланып отыр.
 
Қорытынды
 
Жол-көлік инфрақұрылымын жүйелі дамыту – жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, логистикалық шығындарды азайтуға және азаматтар мен бизнестің жайлы қозғалысына мүмкіндік береді.