Ағымдағы жылдың 13 маусымында облыс әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсесі алаңында Қостанай облысы әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Модераторы Сюндиков Қ.Ж. - Қостанай облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі. Мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуына жол бермеу және сыбайлас жемқорлықпен күрес құралы ретінде «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» Тұжырымдамасын іске асыру мәселелері талқыланды.
Шақырылған спикерлер, сарапшылар: Тойматаев Даурен Болатұлы – теолог, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, отставкадағы полиция полковнигі, Төлеу Паниязұлы – теолог, саясаттанушы, аға оқытушы. А.Байтұрсынов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, әлеуметтік ғылымдар магистрі, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Качеев Денис Анатольевич – Қостанай облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі, ҚХА мүшесі, Челябі мемлекеттік университеті филиалының профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, тарих ғылымдарының магистрі.
Модератор мемлекеттік қызметшінің жаңа сервистік және тұтынушыға бағдарланған моделін қалыптастыру міндетін айтты. Конституцияда Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітетіні, соған сәйкес мемлекет бүгінде діни саладағы саясатын іске асыруда.
2024 жылғы наурызда өткен «Адал Адам – Адал еңбек – Адал Табыс» Ұлттық Құрылтайының Үшінші отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы:
«...біз батыстың, я болмаса басқа да көзқарас иелерінің ықпалымен төл мәдениетімізге жат әрі әлемнің дуалистік негізіне кереғар құндылықтарды насихаттаушылардың жетегіне еріп кете алмаймыз, кетпейміз де!
Ислам қағидаларын өрескел бұрмалап, қатып қалған догма ретінде қабылдайтын отбасылардағы әйелдерді кемсіту, тіпті қорлау фактілеріне ерекше назар аударған жөн. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу жеткіліксіз. Оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуға тиіс. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар». Ата жолын сақтаймыз десек, ғасырлар бойы бабаларымыз ұстанған асыл дінімізді сақтайық. Дәстүрлі ислам – халқымыздың ұлттық бірегейлігін танытатын басты құндылықтың бірі. Біз оны берік ұстану арқылы экстремизмге және кертартпалыққа қарсы тұра аламыз».
Зайырлы принциптер мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйесінің жұмыс істеуінің негізі болып табылады.
Баяндамашылар Жаңа әділетті Қазақстанды тек адал азаматтар құра алады деген кең тараған тезисті растады.
Олар отансүйгіштік, әділдік, кәсіпқойлық, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен отбасы алдындағы жауапкершілік сияқты қасиеттермен ерекшеленеді. Олар сыбайлас жемқорлықтан саналы түрде аулақ болып, лайықты мінез-құлық үлгілерін көрсетеді. Олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысына қатысуы оның тиімділігін арттырады.Семинар спикерлерінің ақпараты мен пікірлері мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартудың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыста «Адал азамат» тұжырымдамасының әлеуетін пайдалану мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға ұсынымдар әзірлеуге негіз болады.
Сюндиков Қ.Ж. әдеп жөніндегі уәкіл