Қостанай облысының әкімдігінде нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың отырысы өтті.

Қостанай облысының әкімдігінде нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың отырысы өтті.

Отырыс барысында нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды, профилактикалық жұмыстың тиімді нысандары, оның ішінде «бос микрофон» бастамаларын енгізу, блогерлерді тарту және үйде экспресс-тесттер өткізу бойынша ұсыныстар талқыланды.

Отырыс Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы Мұрат Сандыбаевтың төрағалығымен өтті. Іс-шараға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, ҚР ІІМ Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің, білім беру мекемелерінің, жастар ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

ҚР ІІМ ЕҚҚІК-тың Екінші басқармасы бастығының орынбасары Сергей Ильинов 2025 жылдың 5 айында елдегі есірткі жағдайы туралы хабардар етті, республикада 3 320-дан астам есірткі құқық бұзушылық тіркелді, 3,3 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Тыйым салынған заттарды таратқан 7,5 мыңнан астам интернет-ресурстардың қызметі тоқтатылды.

Қостанай облысы Полиция департаментінің ЕҚҚІБ-тың бастығы Данияр Дәндібаевтың мәліметінше, өңірде есірткі қылмыстарының саны 24%-ке артқаны байқалады. Заңсыз айналымнан 46 келіден астам есірткі заттары тәркіленді, 8 заңсыз фитозертхана таратылды.

Жастар арасында алдын алу шаралары, жазғы кезеңде кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Облыстың білім басқармасы басшысының орынбасары Данагүл Сүйіндікова ағымдағы жылы 85 мыңнан астам оқушы мен 43 мың ата-ана қатысқан 5,6 мыңнан астам профилактикалық іс-шара ұйымдастырылғанын хабарлады.

Облыстың қоғамдық даму басқармасы басшысының м. а. Динара Қарымсақова ЖОО студенттері арасында тұрақты профилактикалық жұмыстар: дәрістер, пікірталастар, кездесулер, флешмобтар және басқа да іс-шаралар өткізілетіні туралы хабарлады. Қостанай облысының студент жастарының 70%-тен астамы шығармашылық, зияткерлік және спорт клубтарының қызметіне қатысады, бұл есірткіге қарсы тұрақты көзқарас пен құндылықтарды қалыптастыруға оң әсер етеді.

Облыс денсаулық сақтау басқармасы басшысының м. а. Жанна Қозыбаеваның мәліметтері бойынша денсаулық сақтау қызметкерлері нашақорлықтың алдын алу, емдеу, оңалту және әлеуметтік қолдау жөніндегі 2025 жылға арналған жоспар әзірледі. Профилактика, есірткіні есепке алу және халыққа мамандандырылған көмек көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту үшін Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы Психологиялық қолдау мен тәрбие жұмысының өңірлік оқу-әдістемелік орталығымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты, ол мінез-құлқында проблемалары бар, психоактивті заттарды пайдалану бойынша тәуекел тобындағы және психологиялық- педагогикалық қолдауға мұқтаж кәмелетке толмағандармен бірлесіп жұмыс істеуге бағытталған.

Есірткіге қарсы жұмыстың негізгі бағыттарынан басқа, Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шараларды өткізуге ерекше назар аударылады. Бұл акциялар қоғамдық хабардарлықты арттыруға және халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. 26 маусымда облыс орталығында барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қолдауымен Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ауқымды акция ұйымдастырылады.

Талқылау барысында нашақорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан алдын алу шараларына қарамастан, бұл бағыт жастар ортасына және халықтың осал топтарына ерекше назар аудара отырып, одан әрі күшейтуді және жүйелі ведомствоаралық жұмысты талап ететіні атап өтілді.