Қостанай облысына облыстың білім беру ұйымдары үшін 1584 компьютер жеткізілді, жеткізуші «Ateko» ЖШС болып табылады, бұған дейін оқушыларға 11 188 компьютерлік техника берілген болатын.

Қостанай облысына облыстың білім беру ұйымдары үшін 1584 компьютер жеткізілді, жеткізуші «Ateko» ЖШС болып табылады, бұған дейін оқушыларға 11 188 компьютерлік техника берілген болатын.

Қашықтан оқытудың сапалы жағдайларын жасау мақсатында жазғы кезеңде жергілікті бюджет қаражатынан 1,4 млрд.теңгеге 6 мың компьютер сатып алынды.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қостанай облысына облыстың білім беру ұйымдары үшін қосымша 1584 компьютер жеткізілді, жеткізуші «Ateko» ЖШС болып табылады.  Бір компьютердің құны 159 857 теңгені құрайды. Білім басқармасының «Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы» КММ мамандары компьютерлердің техникалық ерекшелік сәйкестігіне тексеру жүргізді. Қазан айында тағы 13638 компьютерлік техниканың жеткізілуі күтілуде. Облыстың білім беру ұйымдары үшін үкімет резервінің қаражатынан сомасы 2 357,5 млн.теңгеге барлығы 15222 компьютерлік техника кешені сатып алынатын болады. Білім беру ұйымдары қашықтан оқу үшін компьютерлері жоқ оқушыларға қайтарымды негізде компьютерлер беруді жүзеге асырды. Бұған дейін оқушыларға 11 188 компьютерлік техника берілген болатын.