2023 жылғы 2 наурызда Достық үйінде "Қызмет" мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсетудің салалық кәсіподағы " ҚБ Қостанай облыстық филиалы кәсіподақ белсенділеріне мерекелік құрмет көрсетті.
4 Белсенді Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, 7 белсенді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының грамотасымен, 9 белсенді Қостанай облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының Алғыс хаттарымен және 45 белсенді әйел "Қызмет"салалық кәсіподағының Қостанай облыстық филиалының төрағасымен марапатталды.
Кәсіподақ белсенділерінің әйелдері үшін әртістер, музыканттар өнер көрсетті, интерактивті конкурстар, ойындар, флешмобтар өткізілді. Іс-шараның әрбір қатысушысына бағалы сыйлық табыс етілді.