Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекеме басшылары, ауылдық округі әкімдері және мамандары қатысуымен жұмыс кездесуі өткізілді. Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасының ұжымымен кеңес өткізілді.
Сөз сөйлегендер Қостанай облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі С.Б. Қоқышев, Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі А.А. Балан, Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының кадр бөлімі басшысының м.а. Г.В. Книпель және ҮББ-4 жобалық кеңсенің басшысы Е.Б. Венгловская.
Жұмыс барысында қызметшілермен Әдеп кодексінің, Мемлекеттік қызметі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдардың нормаларын сақтау, әкімшілік құқык бұзушылықтар мен әдеп нормаларын бұзу статистикасы және алдын алу, тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау, жұмыс уақытынан тыс жұмысқа тарту және мемлекеттік қызметшілердің сыйлық алғаны үшін жауапкершілігі туралы сұрақтар қарастырылды. Сондай-ақ, мемлекеттік мүлікті нысаналы мақсатта пайдалану, құмар ойындарға қатысудың салдары және ҮББ-4 жобасын іске асыру мәселелері бойынша сұрақтар көтерілді.
Жоғарыда көрсетілген сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп және мемлекеттік қызметте болу кезеңінде белгіленген шектеулер мен тыйым салуларды сақтау бойынша ұсыныстар берілді.