Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметте болу кезеңінде қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау сұрақтары туралы қызметшілерге түсініктеме беру бойынша КЕҢЕС

Бүгін Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының ұжымымен, әдеп жөніндегі уәкіл С.Б. Қоқышевтың және басқарма басшысы А.Б. Шектыбаевтың қатысуымен кеңес өткізілді.

Мемлекеттік қызметте болу кезеңінде қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау, тәртіптік істерді қарау, сондай-ақ тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау туралы, бос лауазымдарға конкурстық процедураларды өткізу туралы, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалы туралы, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті сақтау және мемлекеттік мүлікті нысаналы мақсатта пайдалану, құмар ойындарға қатысудың салдары және ҮББ-4 жобасын іске асыру мәселелері бойынша сұрақтар көтерілді.

Қызметшілердің әдеп кодексінің, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама нормаларын, белгіленген шектеулер мен тыйым салуларды сақтауы бойынша түсініктемелер берілді.

Ұжымдарда моральдық-психологиялық ахуалды жақсартып, басқарма және ведомстволық бағынысты кәсіпорындармен автокөлік құралдарын ұтымсыз және тиімсіз пайдалану фактілеріне жол бермеу, қажет болған жағдайда мұндай жағдайларға жол бермеу жөнінде тиісті шаралар қолдану. Құмар ойындарға қатысудың жағымсыз салдары туралы қызметшілер арасында тұрақты негізде жұмыс жүргізу.

Өңірлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде аудан және қала әкімдіктерін, сондай-ақ квазимемлекеттік секторды ҮББ-4 жобасы бойынша қамти отырып, міндеттерді орындау туралы, сондай-ақ тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастауға назар аудару, осы институт бойынша формализмге жол бермеу туралы қызметшілердің назарына жеткізілді.

Дата публикации
02 марта 2023
Дата обновления
02 марта 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

25 мая 2026
Хабарлама
14 мая 2026
Хабарландыру
Хабарлама
14 мая 2026
Хабарландыру

Социальные медиа

Қостанай Облысының Әкімшілігі

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты