«Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» ММ «Мамандандырылған базасы» КММ бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
«Қостанай облысы әкімдігінің мамандандырылған базасы» КММ қойма меңгерушісі.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 165 078 теңгеден 206 736 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және босату бойынша қойма жұмысына басшылық жасау. Қоймалардағы заттай және басқа да мүліктің болуын, сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету. Сақтау режимдерін, кіріс-шығыс құжаттарын ресімдеу және тапсыру ережелерін сақтау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті қолданыстағы заңнаманы білу; қарулы күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы жұмыс немесе қызмет тәжірибесі (мүмкіндігінше); тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі және есепке алу және бақылау бойынша жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес немесе жалпы орта білім және есеп және бақылау бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.
Конкурс Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогын қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» негізінде өткізіледі.
Әңгімелесуге қатысуға жіберілген үміткерлер оны құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде «Қостанай облысы әкімдігінің мамандандырылған базасы» КММ өтеді.
Қажетті құжаттар тізімі:
Өтініш;
Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қарашадағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымында соңғы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қолма-қол немесе пошта арқылы ұсынылуы тиіс. Мекенжайы: Қостанай қ., Гоголь к-сі, 79а. Телефон/факс: 52-40-02. Электрондық мекенжайы: teroboronakostanay@yandex.ru
Елдегі барлық көппәтерлі тұрғын үйлер бір бірыңғай тізілімге енгізіледі. Онда үйдің мекенжайы, қабат саны, пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың саны, үйдің техникалық жай-күйі, лифтілер мен есепке алу аспаптары туралы мәліметтер көрсетіледі. Жұмыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңды орындау мақсатында, сондай-ақ «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында және күрделі жөндеу мен техникалық тексеру бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жоспарлау үшін жүргізіледі.
Түгендеу «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 2-бабында белгіленген көппәтерлі тұрғын үй анықтамасына сәйкес келетін барлық ғимараттарды қамтиды. Яғни, бұл — кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және екі немесе одан да көп пәтерден немесе тұрғын емес үй-жайдан тұратын жеке тұрған ғимарат. Үйлердің қабат санына, меншік иелерінің санына, тіркелген кондоминиум объектісінің болуына және басқару нысанының таңдалуына қарамастан, барлығы есепке алынады. Оның ішінде ауылдық елді мекендердегі екі және төрт пәтерлі үйлер, сондай-ақ басқару нысаны әлі анықталмаған үйлер де қамтылады.
Әр үйдің тізілімде бірыңғай кілті — мекенжайдың тіркеу коды (МТК) болады. Осы код арқылы үйге басқа ақпарат көздеріндегі мәліметтер тіркеледі: ғимараттың техникалық сипаттамалары, сандық және сапалық көрсеткіштері, үй-жайлар туралы деректер, басқару нысаны мен лифтілердің жай-күйі туралы мәліметтер, инженерлік желілерге қосылуы және есепке алу аспаптары жөніндегі ақпарат.
Мәліметтерді беру тәртібі тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпаратты қалыптастыру, өңдеу, орталықтандырылған жинау және сақтау қағидаларында белгіленген. Аталған қағидаларда деректерді беруге міндетті ұйымдардың тізбесі де айқындалған. Оларға жергілікті атқарушы органдар, табиғи монополиялар субъектілері, мүлік иелерінің бірлестіктері, мүлік иелерінің кооперативтері және басқарудың өзге де субъектілері жатады.
Түгендеу барысында меншік иелерінің дербес деректері — тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі, құқық белгілейтін құжаттар және берешек туралы мәліметтер жиналмайды.
Тізілім не береді? Күрделі жөндеу және лифтілерді ауыстыру қажет үйлердің нақты тізімін жасауға, үйлердің есепке алу аспаптарымен нақты жабдықталу деңгейін анықтауға, сондай-ақ өңірлердің инженерлік желілерді жаңғыртуға деген қажеттілігін орташа есептелген көрсеткіштерге емес, нақты деректерге сүйене отырып есептеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар коммуналдық төлемдер бойынша түбіртектердегі есептеулердің дұрыстығын арттырып, КСК, ОСИ және басқарушы компаниялар тарапынан жұмысты ұйымдастыру мен атқарушылық құжаттаманы жүргізу тәртібін жақсартуға мүмкіндік береді.
Мәліметтерді жинауды облыстардың әкімдіктері аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй инспекциялары арқылы ұйымдастырады. Хабарламалар мен жұмыс нысандары мүлік иелерінің бірлестіктеріне, тікелей бірлесіп басқару нысанындағы үйлердің өкілдеріне, басқару субъектілеріне және коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге жолданады.
Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
«Инватакси» қызметін көрсететін жеткізушілер
|
№ |
Қаланың/ауданның атауы |
Өнім берушінің атауы |
Байланыс деректері |
|
Қостанай облысы |
|||
|
1 |
Арқалық қаласы |
«Jaqsylyq» қоғамдық бірлестігі Арқалық қаласы |
87071912203 |
|
2 |
Қостанай қаласы |
"Қостанай қалалық ерікті мүгедектер қоғамы" ҚБ
|
87142-50-38-49, 87075170301
|
|
3 |
Лисаков қаласы |
«Лисаков қалалық мүгедектердің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі, |
8 747 55 21 254 8714(33) 3 52 66 |
|
4 |
Рудный қаласы
|
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Достар 2016»
|
8(71431) 71935, 8(71431)71014, 87757162250 |
|
5 |
Қостанай ауданы |
«Үміт-Надежда» Тірек қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған мүгедек – азаматтарды қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігі
|
87472701068 |
|
6 |
Жітіқара ауданы, |
«Жітіқара аудананаң мүгедектер достастығы» ҚҚ |
8 (714 35) 2-50-78 |
Қостанай қаласы
Арқалық қаласы
Лисаков қаласы
Рудный қаласы
Алтынсарин ауданы
Амангелді ауданы
Әулиекөл ауданы
Денисов ауданы
Жангелдин ауданы
Жітіқара ауданы
Қамысты ауданы
Қарабалық ауданы
Қарасу ауданы
Қостанай ауданы
Меңдіқара ауданы
Науырзым ауданы
Сарыкөл ауданы
Бейімбет Майлин ауданы
Ұзынкөл ауданы
Федоров ауданы
Спорт түрлерін дамыту бойынша негізгі көрсеткіштер
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша спорт түрлері бойынша 14 890 спорт секциясының жұмысы ұйымдастырылған. Бұл 2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 1 192 секцияға немесе 7,4%-ға аз (2024 жыл – 16 082 секция).
Спорт секцияларының жалпы санының ішінде 6 460 секция ауылдық жерде жұмыс істейді (2025 жыл – 6 893 секция).
Спорт секцияларымен тұрақты түрде айналысатындардың саны 316 118 адамды құрады. Бұл 2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 3 663 адамға немесе 1,2%-ға артық (2025 жыл – 312 455 адам).
Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмыстары бойынша негізгі көрсеткіштер. Барлығы 1 664 дене шынықтыру ұжымының жұмысы ұйымдастырылды, оның ішінде 1 086 ұжым ауылдық жерде жұмыс істейді.
Дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың саны 348 456 адамды құрады, бұл облыс тұрғындарының жалпы санының 46,7%-ын құрайды. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда өсім 16 469 адамды құрады (2025 жыл – 367 987 адам, немесе 44,5%).
Дене шынықтыру және спорт саласындағы штаттық қызметкерлер саны бойынша негізгі көрсеткіштер
Қазіргі уақытта дене шынықтыру және спорт саласында 2 964 адам жұмыс істейді. Бұл 2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 21 адамға көп немесе 100,7%, ал 2024 жылғы деңгейден 20 адамға аз немесе 99,3% (2024 жыл – 2 984 адам).
Ауылдық жерлердегі штаттық қызметкерлер саны 31 адамға азайып, 1 389 дене шынықтыру қызметкерін құрады.
Дене шынықтыру қызметкерлерінің жалпы санының 2 912 адамы немесе 98,2%-ы дене шынықтыру саласы бойынша арнаулы білімге ие (2025 жылы – 2 900 адам).
Ауылдық жерлердегі 1 389 дене шынықтыру қызметкерінің 1 372-сі дене шынықтыру саласы бойынша арнаулы білімге ие, бұл 98,7%-ды құрайды.

Қостанай облысының тұрғындары сайлау учаскесі туралы ақпаратты мына сервистер арқылы ала алады:
- https://sailau.ikostanay.kz/ ресми веб-сервисте;
- Telegram-дағы @sailau_kostanay_bot чат-бот арқылы;
- бірыңғай Call орталығынан 1315 телефоны арқылы.
Қостанай облысының тұрғындары сайлау учаскесі туралы ақпаратты мына сервистер арқылы ала алады:
- https://sailau.ikostanay.kz/ ресми веб-сервисте;
- Telegram-дағы @sailau_kostanay_bot чат-бот арқылы;
- бірыңғай Call орталығынан 1315 телефоны арқылы.
Қостанай қаласы
Арқалық қаласы
Лисаков қаласы
Рудный қаласы
Алтынсарин ауданы
Амангелді ауданы
Әулиекөл ауданы
Денисов ауданы
Жангелдин ауданы
Жітіқара ауданы
Қамысты ауданы
Қарабалық ауданы
Қарасу ауданы
Қостанай ауданы
Меңдіқара ауданы
Науырзым ауданы
Сарыкөл ауданы
Бейімбет Майлин ауданы
Ұзынкөл ауданы
Федоров ауданы
Қостанай қаласы
Арқалық қаласы
Лисаков қаласы
Рудный қаласы
Алтынсарин ауданы
Амангелді ауданы
Әулиекөл ауданы
Денисов ауданы
Жангелдин ауданы
Жітіқара ауданы
Қамысты ауданы
Қарабалық ауданы
Қарасу ауданы
Қостанай ауданы
Меңдіқара ауданы
Науырзым ауданы
Сарыкөл ауданы
Бейімбет Майлин ауданы
Ұзынкөл ауданы
Федоров ауданы