01.07.2023 ж. Қостанай облысының Денсаулық сақтау органдары мен ұйымдары қызметінің қорытындылары

Қостанай облысының мемлекеттік денсаулық сақтау секторына 488 медициналық нысан кіреді (01.07.2022 ж. – 489).
Облыс тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді: 29 стационарлық ұйым (1 облыстық балалар және 1 облыстық аурухана, 7 қалалық аурухана, 1 фтизиопульмонология орталығы, 1 облыстық психикалық денсаулық орталығы, 16 аудандық аурухана, 2 ауылдық аурухана); 451 амбулаториялық-емханалық ұйым және МСАК объектілері (1 Жедел медициналық жәрдем станциясы, 1 орталық ЖИТС, 7 емхана, 40 дәрігерлік амбулатория, 73 фельдшерлік-акушерлік пункт, 329 медициналық пункт).
Облыстың медициналық ұйымдарының төсек қоры 4 361 кереуетті құрайды.
Төсектермен қамтамасыз ету (10 000 тұрғынға шаққанда) 52,29 құрайды.
Облыста 1 890 дәрігер (01.07.2022 ж.-1 892) және 6 010 орта медицина қызметкері (01.07.2022 ж. – 5 964) жұмыс істейді.
Облыс бойынша (10 000 тұрғынға шаққанда) қамтамасыз етуді дәрігерлер – 22,66 (01.07.2022 ж. – 21,97), орта медицина қызметкерлерімен – 72,07 (01.07.2022 ж. – 69,25) құрайды.
Сәбилер өлімінің көрсеткіші (1000 тірі туылғандарға, облыстық балалар ауруханасының ОМО деректері) төмендеді:
• 2022 жыл-13,4 / 68
• 2023 жыл – 7,8/38
Ана өлімінің көрсеткіші (100 000 тірі туылғандарға, облыстық балалар ауруханасының ОМО деректері) өсті:
• 2022 жыл-0,0 / 0
• 2023 жыл-20,5 / 1
Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 23,6-дан 21,0-ге дейін төмендеді.
Туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 0,9-дан 1,4-ке дейін өсті (алдын ала деректер).
15-49 жас тобындағы АИТВ-инфекциясының таралу көрсеткіші 0,56 құрады, 2022 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 0,5 құрады.
Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 149,4-тен 168,5-ке дейін өсті.
Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 38,5-тен 38,0-ге дейін төмендеді (өлім-жітім бойынша алдын ала деректер).

Дата публикации
18 июля 2023