Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
k.aksakalov@kostanay.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Ақсақалов Құмар Іргебайұлы
Қостанай облысының әкімі
Общая информация, образование

Құмар Iргебайұлы Ақсақалов 1965 жылы туған. 1987 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң инженерлерi институтын инженер-механик мамандығы бойынша тамамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Карьера

1987-1989 ж.ж. — Қостанай облысы Урицкий ауданы «Крыловский» кеңшарының бас инженерi болды.

1989-1992 ж.ж. — Қазақстанның ЛКЖО-ның Қостанай облысы Урицкий аудандық комитетiнiң бiрiншi хатшысы.

1992-1993 ж.ж. — Қостанай облысы Урицкий ауданы «Маяк» кеңшарының бас инженерi.

1993-1994 ж.ж. — Қостанай облысы Қостанай ауданы «Новоселовка» мемлекеттiк шағын кәсiпорнының директоры.

1994-1996 ж.ж. — Қостанай облысы Қостанай ауданы «Қостанай» ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi директорының орынбасары.

1996-1998 ж.ж. — Қостанай облысы Меңдiқара ауданының «Север» ұжымшарының төрағасы, «Север» ААҚ президентi.

1998-2002 ж.ж. — Қостанай облысы Меңдiқара ауданының әкiмi.

2002-2004 ж.ж. — Қостанай облысы Таран ауданының әкiмi.

2004-2006 ж.ж. — Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы.

2006-2010 ж.ж. — Жамбыл облысы әкiмiнiң орынбасары.

2010-2015 ж.ж. — «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы, «Нұр Отан» партиясының хатшысы.

2015-2017 ж.ж. — Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары.

2017 жылғы 14 наурыздан 2022 жылғы 30 қарашаға дейін — Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері:

Облыс аумағында Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың басқа да актілерінің орындалуын ұйымдастырады, облыстың халық шаруашылығы кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметімен өзара іс-қимыл жасайды. «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» стратегияларының орындалуын ұйымдастырады және бақылайды. Кадр саясатын жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды.

Мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты.

 

Облыс әкiмiнiң орынбасарларының, қалалық және аудандық әкiмдiктердiң және әкiмдердiң жұмысын үйлестiредi.

«Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ ішкі аудит қызметіне жетекшілік етеді.

Облыс әкімдігінің,

облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның,

дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде Қостанай облысының өңірлік жедел штабының,

облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның,

облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның,

төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның қызметін басқарады

 

 

Республикалық деңгейде:

Президент Әкімшілігімен, Үкімет  Аппаратымен, министрліктермен;

жергілікті деңгейде:

Қостанай облысының прокуратурасымен,

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментімен,

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының полиция департаменті» ММ,

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» ММ,

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ,

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қостанай облысының Әділет департаменті» РММ,

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ,

«Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ,

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады.

Заңнамаға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

Социальные медиа

Қостанай Облысының Әкімшілігі

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы